«Арнаулы Автобаза» арнайы техникаларынан бөлек жеке кәсіпкерлердің ваккум көліктері де жұмылдырылуда. Бүгінге дейін 10 мың текше метр су сорылған. Бұл туралы «Арнаулы Автобаза» ЖШС директоры Алмас ІЗТІЛЕУОВ мәлімдеді.
А.Ізтілеуовтың мәліметінше, қазір қар суы үйлерге құйылып жатыр деген шағым жоқ.
- Кешеден бастап көшелердегі суды тазартуға 35 ваккум жұмылдырылды. Оның 7-еуі «Арнаулы автобаза» мекемесінен болса, қалғаны келісімшарт негізінде жеке кәсіпкерлердің ваккум көліктері, - деді А.Ізтілеуов. - Алдағы уақытта еріген қар суының қайтадан жиналуына байланысты тазаланған көшелер қайталап тазалануы мүмкін.
Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
ӨКҚ жолдаған суреттер