Атырау, 28 қараша 10:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Атырау облысында ауыр дертке шалдыққан төрт науқас қымбат дәрімен қамтылды

894 просмотра

Былтыр сәуір айында Атырау облысында «липодистрофия» диагнозы қойылған екі балаға жалпы құны 201 млн теңгеге  «Метрелептин» дәрілік заты сатып алынды. Сонымен қатар, «Дюшенді бұлшықет дистрофиясы» диагнозы қойылған 18 жасқа толмаған науқас 179 млн теңге тұратын «Касимерсен» дәрілік затымен қамтылған. 

Бұған дейін олар Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасынан көмек сұрап, басқарма өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жуырда ғана көмекке, оның ішінде медициналық көмекке мұқтаж қазақстандықтар үшін құрылған «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына өтініш берген. Нәтижесінде балалар өте қажет әрі өте қымбат дәрі-дәрмекке қол жеткізді. 

Атырау облысынан (онкологиялық) тағы бір науқас қорға тікелей жүгініп, оған «Рибоциклиб» препараты берілді, деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

 Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

3 наурыз 2023, 01:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.