Атырау, 28 қараша 10:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Спорт жаңалықтары

Сурет
1 078 просмотра

25 ақпанда Таиланд астанасы Бангкок қаласында джиу-джитсудан ерлер мен әйелдер арасында VI Азия чемпионаты басталды. Оған 30 елден 500-ден астам спортшы қатысуда.

Жарыстың бірінші күні атыраулық спортшылар 2 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды. Күміс алқаны Жеңіс Нұрлыбаев пен Әйгерім Төреғожина, қола алқаны Лев Винс, Аружан Қуанышқызы және Аяулым Наурызбаева иеленді.

* * * * *

Астанада грэпплингтен UWW Ашық Азия чемпионаты өтті. Жарысқа Иран, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Беларусь және Қазақстаннан 1200-ден астам спортшы қатысты.

Атырау облысы спортшыларының қоржынында 3 алтын, 4 күміс және 6 қола медаль бар. «No gi» (кимоносыз) бөлімінде Әли Жамали (50 келіге дейін) мен Ернар Білімпазұлы (92 келіге дейін) алтын, Дастан Ерсайынов (42 келіге дейін), Әбдірахым Қаршыға (62 келіге дейін) және Фархад Ниетов (58 келіге дейін) күміс, Есболай Бекзат (42 келіге дейін) және Нұрым Исмаил (34 келіге дейін) қола иеленді. «Gi» бөлімінде алтын алқаны А.Жамали, күміс алқаны Тахир Айсин (66 келіге дейін), қола алқаны Тұрғанбек Рахымжан (58 келіге дейін), Әбдірахым Қаршық (62 келіге дейін), Русланхан Мадыханов (66 келіге дейін) және Бауыржан Салихов no gi (62 келіге дейін) еншіледі.

* * * * *

Сәуле Сардарованың жетекшілігімен Атырау облысының командасы Словения астанасы Любляна қаласында таэквондодан өткен Slovenia Open халықаралық рейтингтік турниріне қатысты.

Мария Севастьянова 57 келі салмақта алтын, Нұрай Хусайынова 67 келі салмақта қола алқа алды.

* * * * *

Ақтауда спорттық және жауынгерлік самбодан жастар арасында ҚР чемпионаты өтіп, оған еліміздің 17 облысынан 500-ден астам спортшы қатысты.

Атыраулық қатысушылар арасынан спорттық самбодан Нұрбану Ниеттуллаева (47 келіге дейін) мен Сырым Байғалиев (58 келіге дейін) алтын медаль алса, Әбілмансұр Ғалым (58 келіге дейін) қола жүлдегер атанды. Жауынгерлік самбодан Балғара Өтесінқызы (54 келіге дейін) мен Ерасыл Әнесов (64 келіге дейін) қола медальға ие болды.

Нұрбану мен Сырым алдағы уақытта Алматыда өтетін Азия чемпионаты мен Бішкекте өтетін әлем чемпионатына қатысу үшін ұлттық құрамаға кіреді.

* * * * *

Щучинскде толық контактілі қоян-қолтық ұрыстан ҚР чемпионаты өтті.

Атырау облысы командасынан Әлихан Сейтов (67 келіге дейін), Гүлбану Саматова (70 келіге дейін) және Аида Хайруллина (58 келіден жоғары) чемпион атанса, абсолютті салмақта Хайдар Есенғалиев күміс алқаға қол жеткізді. Толық контакт санатында Талғат Жұмағалиев (71 келіге дейін) күміс, Мирас Шантасов, Ерболат Сатыбалдиев, Қуанышбек Салықов және Ержан Медеуов қола жүлдені еншіледі.

* * * * *

Теміртауда 2009 жылғы және одан кіші ұлдар мен қыздар арасында жүзуден ҚР чемпионаты өтті.

Жарысқа 18 команда қатысты. Атырау облысының құрамасы 14 медаль жеңіп алды - 8 алтын, 4 күміс және 2 қола. Әлихан Құтлымұрат, Давид Сафронов, Арман Аманбай және Тамерлан Рахманов 4х50 метрге еркін стильде жүзу эстафетада алтыннан алқа тақты. Сонымен қатар, А.Құтлумұрат 100 және 200 метрге еркін жүзуде және А.Аманбай 50 және 100 метрге брасс әдісімен жүзуде командаға тағы екі алтын әкелді.

* * * * *

Атырауда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент қызметкерлері арасында шағын футбол мен волейболдан өңірлік іріктеу кезеңі өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Турнирге алаң иелерінен бөлек Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарының командалары қатысты. Шағын футболдан атыраулық антикорлықтар оза шауып, 2-орынға маңғыстаулықтар, 3-орынға ақтөбеліктер көтерілді. Волейболдан оралдықтар үздік атанып, 2-орынды Атырау, 3-орынды Маңғыстау жеңіп алды. Жеңімпаздар Астанада өтетін республикалық турнирге жолдама алады.

27 ақпан 2023, 23:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.