Атырау, 24 қараша 01:37
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Түркияның Малатья провинциясында 5,6 балдық жер сілкінісі болды

813 просмотра

Жер сілкінісін көрші провинциялардың тұрғындары сезді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Anadolu ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Түркияның Малатья провинциясында 5,6 балдық жер сілкінісі болды.

Зілзала жергілікті уақыт бойынша сағат 12:04-те тіркелген. Оның эпицентрі Йешилютр ауданында болды. Жер сілкінісінің ошағы 6,96 км тереңдікте жатыр.

Еске салайық, 25 ақпан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 13:27-де Түркияның орталық бөлігіндегі Нигде провинциясында жер сілкініп, магнитудасы 5,3 болды. . Оның ошағы 7 шақырым тереңдікте жатыр. Бұған дейін Түркияның шығысы мен орталық бөлігінде, Малатия, Бингеле, Сивас және Конья провинцияларында 24 ақпанда кешке және 25 ақпанға қараған түнде жер сілкінісі болғаны хабарланған болатын.

27 ақпан 2023, 18:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.