Атырау, 24 қараша 02:03
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

G20 елдері Украинадағы соғысқа байланысты бір пайымға келе алмай тарқасты

1 174 просмотра

G20 елдерінің қаржы министрлері мен орталық банк басшылары Үндістанның Бангалор қаласында өткен кездесуде бір консенсусқа келе алмай тарқасты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Еуроньюске сілтеме жасай отырып.

Оның себебі – Қытай мен Ресей кездесу қорытындысынан Украинадағы соғыс туралы сөзді алып тастауды талап еткен. G20-ға төрағалық еткен Үндістан кездесудің алдын ала қорытындысын жасап, тиісті мәлімдеменің мәтінін жариялаған еді. Бірлескен коммюникеде Үндістан «ұйымға мүше елдердің көбі Украинадағы соғысты айыптайды, бірақ жағдай мен санкцияларды әртүрлі бағалайды» деп жазған болатын.

Кездесу қорытындысында Ресей мен Қытай елдерінің өкілдері құжаттың екі пунктімен келіспейтінін мәлімдеп, қарсылық танытқан.

Осылайша, G20 ұйымының елдері кездесу қорытындысы бойынша биыл да ортақ мәлімдеме жасай алмай тарқасты.

27 ақпан 2023, 09:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.