Атырау, 28 қараша 10:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Зауытта қондырғы жұмысы қалпына келді – көлік газына қатысты проблема жоқ

Сурет
565 просмотра

Атырауда бірнеше күн байқалған сұйытылған газ тапшылығы реттелді. Бұл 23 ақпанда Атырау мұнай өңдеу зауытындағы қондырғының жұмысы қалпына келуімен байланысты. Бұл туралы бүгін «АЖ» сауалына жауап берген Атырау облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының жаңа басшысы Айдулат КЕНЖЕБЕКОВ Өңірлік коммуникациялар брифингінде хабарлады.

Еске салсақ, бұған дейін мәселе 1 ақпанда зауыттағы каталитикалық крекинг қондырғысының істен шығуы себеп болғаны айтылды. Көлік иелері газ бар бекеттерде ұзын-сонар кезекке тұруға мәжбүр болған. Кеше, 23 ақпан күні түске дейін Жұлдыз ықшам ауданындағы газ құю бекетінен кезекті түсірген видеоны жолдаған. 

Газ бар бекеттерде ол талонмен сатылып жатты. Кенжебеков мәселе кеше бастап реттелгенін жеткізді.

- 1 ақпанда АМӨЗ-дегі каталитикалық крекинг қондырғысының істен шығуына байланысты барлық өндіру көлемі түсіп кеткен. А-92, А-95 маркалы бензин, дизель, сұйытылған газ отынын өндіру көлемі айтарлықтан түсті. Күніне 600 тонна сұйытылған газ шығарып отырған зауыт ақпанның 1-і мен 23-і аралығында 100-130 тонна газ өндіріп отырды. Әкімдік тарапынан қала, аудандардағы газ құю бектеттеріне кезек-кезек қажетті көлемде газды қамтамасыз ету ұйымдастырылды. 23 ақпаннан бастап қондырғы қалпына келген соң бүгін барлық бекеттерде газ құйылып жатыр, - деді Кенжебеков. 

- Өңірде газбен жүретін көлік иелерінің үлесі қанша екенін шамамен айта аласыз ба? Газ тапшылығын жою үшін қандай шаралар алынып жатыр? Газ бағасын қадағалау жұмыстары жүргізіле ме?

- Алдағы уақытта шамамен газбен жүретін көлік иелері саны 1500-ге жуық. Энергетика министрлігі арқылы ай сайын барлық облысқа лимит бекітіледі. Біздің облысқа 5300 тонна лимит бекітілген. Біз 30 мекемеге формула арқылы ай сайын бөлеміз. Авариялық жағдай орын алған кезде министрліктен басқа облыстардан бізге бөлу жөнінде ұсыныс жолданады. Оған қоса, ТШО-мен осындай авариялық жағдай кезінде газбен қамтамасыз етуді қарастыру жөнінде меморандум жасақтау қарастырылып жатыр. Қазір мәселе реттелді, барлық бекетте газ толық, талонсыз беріліп жатыр.

Айнур САПАРОВА

27 ақпан 2023, 00:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.