Атырау, 28 қараша 10:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Апатты жағдайдағы №30 мектептің оқушыларын қайда кетеді? Қиын сұрақ

1 331 просмотра

22 ақпанда қаладағы үш мектептің ата-аналар чатында №30 мектептің 1-4 сынып оқушыларын №20 мектепке, ал жоғары сынып оқушыларын №8 мектепке ауыстыру туралы сынып жетекшілерінің хабарландыруы пайда болды.

Белгілі болғандай, 16 ақпанда №30 мектептің оқушылары мектеп шатырынан су ағып, төбе жабындары құлап, балаларға қауіп төнгендіктен қашықтан оқуға ауыстырылған болатын. Осылай бір апта оқығаннан кейін Атырау облысының білім департаменті оларды басқа мектептерге таратып, оффлайн оқуға ауыстыру туралы шешім қабылдады.

Ата-аналардың көпшілігі бұл хабарды наразылықпен қабылдады. Өйткені №20 және №8 мектептер сабақты 30 минутқа дейін қысқартып, үш ауысымға көшуге мәжбүр. Қолайсыз ауа-райында көлік қозғалысының ретсіздігі, мектептің қашықтығы және сабақ уақытының қысқаруы бойынша оқу процесі көпшілікке қолайсыз болды. Оның үстіне балалары төменгі және жоғары сыныптарда оқитын көп ата-ана балаларын әр уақытта түрлі мектепке апарып, кешкі сегізде аяқталатын үшінші ауысымнан кейін алып кетуге мәжбүр болады. Оған қоса үй тапсырмасын орындап, репетитормен жаңа сабақ уақытын келісіп, секцияларға үлгеруі керек...

Көпшілік үшін бұл жағдайда оқу жылының соңына дейін қашықтан оқыту форматы ең қолайлы болып саналады. Бірақ мұның нюанстары бар.

«Менің екі балам бар, бірі бастауыш сыныпта оқиды, екіншісі мектеп бітіруші», - деп жазады ата-аналардың бірі әлеуметтік желіде. – Үлкенім биыл емтихан тапсырады, сондықтан біз (түлектердің ата-аналары) онлайн оқытуға түбегейлі қарсымыз. Бізге офлайн режимінде сапалы білім қажет. Әкімдік бізге ғимарат бөлсін...».

№30 мектептің ғана емес, №8, №20 мектеп оқушыларының да ата-анасы наразы:

«...Үшінші ауысымда кешкі сағат 16-дан кешкі 20-ға дейін 30 минуттан сабақ оқисыңдар деді... Бізде сағат 18.00-де үйірме басталады, кімге кету керек болса, сабақтан босататындарын айтады, сонда мектепке бар болғаны екі сағатқа барамыз, бұл оқу ма?», - деп жазады №20 мектептегі ата-ана.

«Көлік мәселесін кім шешеді? Біз қала сыртындамыз. Бізге мектеп автобустары бөлінетініне күмәнім бар...», – деп ренжіді тағы бір ата-ана.

«Балам екінші сынып оқушысы, дүйсенбіден бастап үшінші ауысымда оқуы керек. Сабағын қашан оқиды? Біздің бүкіл режиміміз бұзылып жатыр. Кішккентай балалар кешке қалай жүреді? Бір өзі үйде қалай жалғыз қалады? Мен күні бойы жұмыста болам...»

Осы тақырып қызу талқыланып жатқан Facebook желісінде ашуланғандардың арасында №30 мектептің оқушыларын әкімдік ғимаратына орналастырып, оның қызметкерлерін шатырынан су кеткен мектеп ғимаратына көшіру туралы «жартылай әзіл» ұсынысы да болды. Сол кезде күрделі жөндеу мәселесі (мектеп 2002 жылы ашылған, мұнда әлі күрделі жөндеу болмаған) тезірек шешілер еді дейді.

Ал, білім департаментінде оқушыларды «көшіру» мәселесі екінші күннен бері өткір талқыланып жатыр. Көпшіліктің наразылығына байланысты кешегі шешім түпкілікті деп саналмай отыр. Бірақ тығырыққа тірелген бұл жағдайда шешім қандай болуы мүмкін?

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

24 ақпан 2023, 12:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.