Атырау, 24 қараша 01:28
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

БҰҰ Ресейді Украинадан әскерін шығаруға және соғысты тоқтатуға шақыратын қарар қабылдады

1 039 просмотра

БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш Ресейдің Украинаға басып кіруін айыптап, ол әрекетті әлемнің ұжымдық ар-ожданын қорлау деп атады. Қарарға 141 ел дауыс берді, жетеуі қарсы болды, тағы 32-і қалыс қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі BBC-ге сілтеме жасап.

Қарарда БҰҰ:

  • Украинада жан-жақты, әділ және берік бейбітшілікке қол жеткізудің негізі саналатын БҰҰ Жарғысының қағидаттарын сақтауға шақырады;
  • Украинаның егемендігіне, тәуелсіздігіне, бірлігі мен аумақтық тұтастығына өзінің аумақтық суын қоса алғанда, халықаралық деңгейде танылған шекараларында адалдығын растайды;
  • Ресей Федерациясына өзінің барлық қарулы күшін Украинаның халықаралық деңгейде танылған шекаралары аумағынан дереу, толық және сөзсіз алып тастау туралы талабын тағы да жариялайды;
  • Барлық тарапты халықаралық құқықты, оның ішінде әскери тұтқындармен жұмыс істеу және бейбіт тұрғындарды қорғау саласындағы құқықты сақтауға шақырады;
  • Азаматтық халықтың өмір сүруі үшін міндетті нысандардың шабуылына, жойылуына, көшірілуіне немесе жарамсыз болуына жол бермеу қажеттілігін атап өтеді;
  • Сондай-ақ Украинаның маңызды инфрақұрылымына жасалған шабуылдарды және азаматтық нысандарға, соның ішінде тұрғын үйлерге, мектептер мен ауруханаларға жасалған кез келген қасақана шабуылдарды дереу тоқтатуға шақырады;

БҰҰ сонымен қатар Украина аумағында жасалған қылмыстар үшін кінәлілерді тиісті, әділ және тәуелсіз тергеу жүргізу және ұлттық немесе халықаралық деңгейде қудалау арқылы жауапқа тарту қажеттілігін мәлімдейді.

«Бұл – БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқықты бұзу», - деді Антонио Гутерриш Бас ассамблея отырысында.

Оның айтуынша, қақтығыстың күшеюі айқын және нақты қауіп төндіреді, ал соғыс «аймақтық тұрақсыздықты, жаһандық шиеленістер мен келіспеушіліктерді туғызады, назар мен ресурстарды басқа дағдарыстардан және өзекті жаһандық мәселелерден алшақтатады».

«Жайбарақат болу дағдарысты одан әрі күшейтеді және Жарғыда жарияланған жалпы ұстанымдарды одан әрі бұзады. Соғыс – шешім емес. Соғыс – бұл проблема. Украинадағы адамдар қатты зардап шегеді. Украиндар, орыстар және Украинадан тыс адамдар бейбітшілікке мұқтаж», - деді ол.

Айта кетейік, 2022 жылдың 24 ақпанында Ресей президенті Владимир Путин Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең ірі – Ресейде ресми түрде арнайы әскери операция деп аталатын шапқыншылық аясында Украинаға 200 мыңға жуық сарбаз жіберді.

24 ақпан 2023, 09:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.