Атырау, 28 қараша 10:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Сарайшықтағы туристік орталықтың құрылысы үлкен құпия болып шықты

1 409 просмотра

23 ақпан күні «АЖ» тілшісі Махамбет ауданына барып, Сарайшық ауылындағы «Сапар орталығы» құрылысымен танысуды жөн көрді. Алайда ол жерде кедергілерге тап болды.

«Сапар орталығы» құрылысы 2021 жылдың 11 қазанында басталып, 2022 жылдың 11 тамызында аяқталуы керек еді. Тапсырысшысы - облыстық құрылыс басқармасы болса, мердігер "АС Құрылыс" ЖШС. Авторлық қадағалауды "МассивСтройКомпани" ЖШС, техникалық қадағалауды "Музтау" ЖШС жүзеге асырады.   Обьектінің жалпы құны 800 млн теңге шамасындай.

Мерзімінен кешіккен бұл құрылыстың не себептен бітпей жатқанын білу үшін сол жерге бардық.

Ауладан кіруіміз мұң екен, өзін "АС Құрылыс" ЖШС -нің учаске бастығы Әділбек Ботанқұл деп таныстырған ер адам алдымыздан шықты. Тілші екенімді білгеннен кейін ол:

- Тұра тұрыңыз,-деді.

Сәл ары барып тұрып, әлдебіреумен ұялы телефон арқылы сөйлесе бастады да, қайтып келіп:

- Сізге бұл ғимарат ішіне кіруге болмайды, - деді.

- Не себептен?

- Тапсырысшы құрылыс басқармасының рұқсатымен келуіңіз керек.

- Обьект неге кешігіп жатыр, себебін айтасыз ба?

- Оны айта алмаймын.

Біз сол жерде облыстық құрылыс басқармасының бастығы Нұрберген Құсайыновтың ұялы телефонына соққанымызбен байланыс аясынан тыс жерде болып шықты.

Құпия обьекті болатындай журналисті неге ғимарат ішіне кіргізбеді, құрылыс неге кешігіп жатыр деген сұрақ көкейде кетті...

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттерді түсірген автор

23 ақпан 2023, 17:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.