Атырау, 28 қараша 10:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

КҚК-да мұнай жөнелту жұмысы қайта жанданды

939 просмотра

Ауа райы жағдайының тұрақтануы Каспий құбыр консорциумына 2023 жылдың 22 ақпанында компанияның теңіз терминалында мұнайды ауыстырып тиеуді қалпына келтіруге мүмкіндік берді, - деп хабарлайды КҚК.

"Мұнай өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, жағалау сызығынан 5 шақырым қашықтағы айлақ қондырғылары арқылы жөнелтіледі. ТЛУ конструкциясы мұнайды құрлықта тиеудің дәстүрлі жүйелері қолайсыз ауа райы жағдайына байланысты операцияларды тоқтатуға мәжбүр болғанда, ауыстырып тиеуге мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Бұл ретте компания ТЛУ-ға ауа райына қатысты шектеулер қолданылатынын атап өтті. Мысалы, ТЛУ-да арқандап байлау жұмыстары және шлангтарды танкерге көтеру теңіз толқындары 2,5 метрге дейін және желдің екпіні секундына 23 метрден аспайтын кезде жүзеге асырылады.

23 ақпан 2023, 09:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.