Атырау, 28 қараша 10:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Атыраулық жас бүркітші Қазақстан чемпионы атанды

980 просмотра
Жас чемпион Иманғали Әбдікәрімұлы (ортада)

Жетісу облысында «Құсбегілік» ұлттық спорт түрінен жастар арасында Қазақстан Республикасының XIV чемпионаты өтті.

Ұлттық додаға Алматы, Түркістан, Абай, Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарымен қатар Астана және Алматы қаласының бүркітшілері қатысты. Олар өздерімен бірге 100-ге тарта ителгі, қаршыға және бүркіт ала келді. Бүркітшілер арасында атыраулық Иманғали АБДЫКӘРІМҰЛЫ чемпион атанды. Ол Ы.Алтынсарин атындағы мектептің 10-сынып оқушысы.

Атырау облысының құрамасы

Ал, жалпы командалық есепте Түркістан облысы чемпион атанса, Атырау облысы екінші орын, Алматы облысы үшінші орынға жайғасты.

Айта кетейік, құсбегіліктен ересектер арасындағы XVI ҚР Чемпионаты биыл 24-26 ақпан күндері Атырау қаласында, Жаңаталап ауылында ұйымдастырылмақ. Бұған дейін құсбегілер сайысы Атырауда 6 жыл бұрын ұйымдастырылған еді.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Сурет облыстық спорт басқармасынан 

23 ақпан 2023, 15:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.