Атырау, 2 қазан 13:27
 ашықВ Атырау +16
$ 480.11
€ 532.25
₽ 5.14

Полиция департаментінде кадрлық ауыс-түйіс

1 370 просмотра

Атырау облысы Полиция департаменті бастығының бұйрығымен Көші-қон қызметі басқармасы бастығы лауазымына полиция подполковнигі Әділжан Жаншин тағайындалды.

Жаңа лауазымға дейін Әділжан Мұратұлы көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары лауазымын атқарды.

Көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары лауазымына полиция подполковнигі Қадырбек Салауатұлы Әбішев (суретте оң жақта) тағайындалды. Ол бұған дейін Атырау қаласы Полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің бастығы болды.

Басқарманың жаңа басшысы мен орынбасарын департамент бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Абдіғани Сейдуалиев басқарманың жеке құрамына таныстырды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Атырау облыстық ПД жолдаған суреттер

21 ақпан 2023, 16:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.