Жылыой ауданының тұрғыны Айсұлтан ДЮСАЛИЕВ өз ауылында сегіз қырлы азамат.
44 жастағы Айсұлтан мүгедектігіне қарамастан отыз ешкі шаруашылығын ғана емес, бау-бақша, жеке тракторы мен шағын құрақ өндірісін де басқарып отырған мықты кәсіпкер. Бірақ оның ең зор мақтанышы – оған осындай ауқымды жұмыс көлемін игеруге көмектесіп отырған үлкен отбасы мен төрт баласы.
- Мал шаруашылығынан бөлек, қамыстан маты (қамыс тақта) дайындаумен де айналысамын. Қамыскөл көлінің жағасынан қамысты шауып алып, одан өзіме, азын-аулақ ақшаға ауылдастарыма үй жабатын құрылыс материалдарын дайындаймын, - деді А.Дюсалиев.
…Ешкі малы тез көбейетін үй жануары. Оның сүті көптеген ауруға ем. Ал еті жеңіл тағам болып келеді. Алда жоспарларым көп, оны жүзеге асыру ойда бар, - дейді Айсұлтан.
«АЖ» анықтамасы:
Аудандық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының басшысы Ерлан НҰРЛАНОВТЫҢ айтуынша, былтыр ауданда барлығы 76 адам грант иеленсе, оның екеуі мүмкіндігі шектеулі жандар. Оның бірі Айсұлтан Дюсалиев. Жылыой ауданында 7284 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі жолдаған суреттер