Атырау, 9 қыркүйек 11:04
 дождьВ Атырау +12
$ 454.46
€ 527.72
₽ 5.25

Отбасы болжамға немқұрайлы қарап, қар құрсауында қалып қойды

1 062 рет қаралды

16 ақпанда сағат 22:45-те Индербор кентінен 30 шақырым қашықтықта Mitsubishi Pajero көлігі қар құрсауына батып қалғаны туралы шақыру түсті.

ТЖ аудандық бөлімінің қызметкерлері оқиға орнына жеткен кезде көлікте 4 адамның - 3 ересек және 1 жасар бала бар екенін анықтады. Олар отбасын аудан орталығындағы үйлеріне аман-есен жеткізді. 

- Құтқарылған жолаушылар медициналық көмекті қажет етпеді, жағдайлары қалыпты, - деп хабарлады Атырау облысы ТЖД жұртшылықпен байланыс тобы. - Мұндай жағдайларда 112 нөміріне қоңырау шалу керек. Біздің ауа райы болжамын да назардан тыс қалдырмаған жөн.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ТЖД жолдаған сурет

18 ақпан 2023, 20:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.