Атырау, 28 қараша 12:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Мемлекеттен тиесілі қолдауды алмаған азаматтар анықталып жатыр

1 176 просмотра

«Отбасының цифрлық картасы» пилоттық жобасының басты бағыты – мемлекет қолдауына мұқтаж жандарды анықтау. Бұл туралы облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында өткен облыстық штаб жиынында айтылды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

- «Отбасының цифрлық картасы» өткен жылдың 1 қыркүйегінен бастап пилоттық режимде іске қосылды. Жауапты мамандар әлеуметтік төлем мен жәрдемақы алуға тиесілі азаматтардың дерегін жинақтап, ескірген ақпараттарды жаңартып жатыр. Нәтижесінде азаматтарға тиесілі мемлекеттік қолдауды толық көрсете аламыз, - деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Көңілқос ОРЫСБАЕВ.

Оның сөзінше, бүгінде бұл жүйеге мемлекеттік жәрдемақылардың тоғыз түрі және атаулы әлеуметтік көмек тағайындау қызметтері енгізілген. 2129 адамға смс-хабарлама жолданып, 953 адам ақпаратын растаған. Өткен жылы 628, биыл 328 адамға ешқандай құжатсыз атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып отыр. 

Айта кетейік, бұл жоба кезең-кезеңімен іске асырылады. Мәселен, өткен жылы жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдердің тоғыз түрі енгізілген болса, биыл әлеуметтік қорғау саласындағы қызметтер қосылады. Ал 2024 жылы денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы мемлекеттік кепілдіктер енгізіледі.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

18 ақпан 2023, 21:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.