Атырау, 28 қараша 13:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Құлсарыдағы әуежай: «кукурузниктер» қайта орала ма?

1 098 просмотра

Әлеуметтік желіде Құлсары қаласында қонақ үй, иппотерапия, адаптивті ат спорты орталығы, поло клуб, ипподром, хайанаттар бағы, мұз сарайы және кіші авиацияға арналған әуежай салынады деген жазба тараған болатын. Әуежай салу жоспары оқырмандарымызды қызықтырған еді.

Осы ретте «АЖ» Құлсары қаласының әкімі Қадыржан АДИНОВПЕН хабарласқан еді.

- Жоғардағы айтылғандар бекер емес. Қаланың бас жоспарына енгізіп отырған нысандар жетерлік, олардың арасында кіші авиация үшін әуежай салу да бар. Бұл шаралардың кезең-кезеңімен атқарылатыны анық. Бүгінде «Аэропорт» ықшамауданынан 17 гектар жер бөлініп отыр. Енді оның жобалық-сметалық құжатын жасақтау жолын қарастырып жатырмыз. Одан кейінгі ресімдері де жеткілікті. Түптің түбінде бәрі қаржыға келіп тіреледі, - дейді Қ. Адинов.

Айтпақшы, Кеңес заманында Құлсарыда шағын аэродром болғаны, АН-2 типті (ауызша «кукурузник») «шағын» ұшақтардың ұшып-қонатыны байырғы тұрғындардың есінде. Шағын ұшақтардың жағдайы қазір не болғанын, біз әзірге білмейміз.

Жылыой ауданы халқы күн санап артып келеді, қазірдің өзінде 80 мыңнан асты. Құлсарының өзінде 60 мыңға жуық халық тұрады. Жер қойнауы бай өлкеде әлеуметтік-экономикалық нысандар салу, соны жүзеге асыру жолында тамаша жоспарлар бар. Тек орындалысы қалай болар екен?! 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

18 ақпан 2023, 21:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.