Атырау, 28 қараша 12:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Нұрлы Хабиеваның орнына орынбасары келді

1 612 просмотра

Бүгін, 16 ақпанда Атырау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы болып Анар ЖЕҢІСОВА тағайындалды. Еске салсақ, бір айдан сәл астам уақыт бұрын бұл орында ұзақ жыл бойы қызмет атқарған Нұрлы ХАБИЕВА қызметтен «келеңсіз себептермен» босатылған еді.

А.Жеңісқызы 1977 жылы Атырау облысында дүниеге келген. 1998 жылы Х.Досмұхамедов атындағы университетті «информатика және менеджмент» мамандығы, 2018 жылы Батыс Қазақстан инновациялық технологиялық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2001 жылы білім беру саласында бастаған. 

2010 жылдан мемлекеттік қызметте. Тағайындалғанға дейін Н.Хабиеваның орынбасары лауазымын атқарды.  

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

16 ақпан 2023, 23:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.