Атырау, 28 қараша 12:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Атыраудағы еуропалық дәрігерлер: «Осы жерде, дәл қазір керек екенімізді білеміз»

Сурет
1 705 просмотра

Атырау облыстық ауруханасында 12 жылдан бері облыс тұрғындары үшін шетелдік медицина мамандарының қатысуымен жедел медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға арналған жоба жүзеге асырылып жатыр. 

Облыстық ауруханада Ұлыбританияның ірі университеттік клиникаларының тәжірибесі мол хирург және анестезиолог-реаниматолог дәрігерлері жұмыс істейді. NCOC компаниясының басқа елдерден медицина қызметкерлерін шақыру бастамасының арқасында мұнда Франция, Нидерланды және басқа да елдердің дәрігерлері жұмыс істеп, құнды тәжірибелерімен бөлісті.

Доктор Hendrick Wegstapel – Ұлыбриятаниядан келген хирург-кеңесші. Ауруханадағы әріптестері Дәрігер Хэнк деп атап кеткен, ол Атыраудағы бір жыл ішінде ондаған күрделі оталарға қатысып, жергілікті мамандармен бірге көптеген адамның өмірін сақтап қалды...

Дәрігер Хэнк аурухананың медицина қызметкерлеріне арналған тренингтер өткізіп тұрады. Бүгінгі тақырып - бас сүйек жарақатын тігу.

Әр түрлі елдердің дәрігерлері арасында тәжірибе алмасу - бұл медицинадағы тиімді әдістердің  бірі.  Әсіресе медицина саласында тәжірибе алмасу дәрігерлердің біліктілігін арттырудың тиімді құралы және аса сұранысқа ие әдіс.

Атырау облыстық ауруханасының бас дәрігері Ербол Иманғалиев: «Тәжірибе алмасу тұрақты түрде жүргізілу керек. Не істеп жатсаңыз да, сіз науқасқа нақты диагноз қойып, оны емдеп, оң нәтижеге қол жеткізуіңіз қажет. Өзара байланыс түрлі буындағы, басқа өңірлердегі, өзге елдердегі дәрігерлер арасында болғаны маңызды... Біздің дәрігерлер күрделі оталарды жасау кезінде жаңа технологияларды, жаңа тәсілдерді меңгеруде».

Жансақтау бөлімшесі заманауи техникалармен жабдықталған. Бұл жерде және аурухананың басқа бөлімшелерінде заманауи өкпені жасанды желдету аппараттары, инфузоматтар, мониторлар мен басқа да жабдықтар орнатылған, олардың мақсаты сапалы емдеу ғана емес, сонымен қатар науқастардың өмірін сақтау.

Бұл - қысым көрсеткіштері мониторға шығарылатын және әр секунд сайын жаңартылатын құрылғы, өйткені датчик науқастың тамырында орналасқан. Бұл технология анестезиологтың жұмысын едәуір жеңілдетеді: пациенттің жасына, салмағына және басқа көрсеткіштерге сәйкес науқасқа қажетті дәрі-дәрмектердің дозалары автоматты түрде түзетіліп отырады.

Анестезиолог-реаниматолог Райбек Мүтиев: «Менің науқастарымның бірі ауыр жағдайда. Қазір ол дәрі-дәрмектің күшімен ұйықтап жатыр. Мониторда оның жағдйының негізгі көрсеткіштері көрініп тұр, олар ағзадағы датчиктің инвазивті жұмыс режимінің арқасында үнемі жаңартылып тұрады.

Бұрын күрделі оталарды жасату үшін облыс тұрғындары республикалық медициналық орталықтары бар қалаларға, кейде басқа елдерге баруға мәжбүр болатын. Қазір оталардың барлығы дерлік Атырауда жүргізіледі. NCOC  компаниясы жобасының арқасында тәжірибелері мол шетелдік дәрігерлер осы жерде ең қиын оталарға қатысуда, мұның бәрі біз үшін үлкен мүмкіндік, біз озық технологияларды меңгеріп, заманауи құрылғыларда жұмыс істеуді үйреніп жатырмыз.

Мұндай жоғары технологиялық жабдықтарға жақсы күтім қажет.  2011 жылдан бері облыстық ауруханада NCOC жобасының биомедициналық жабдықтар инженері Нұрлан Бегеев жабдықтардың техникалық жай-күйін бақылаумен айналысады. Оның кәсібилігі мен жөндеу жұмыстарын дер кезінде орындауы арқасында жабдықтар нақты және үйлесімді жұмыс істейді. Сондай – ақ, Нұрлан ауруханадағы техник-әріптестерін аппараттарға қызмет көрсетуді үйретеді.

Ұлыбританиядан келген тағы бір дәрігер - анестезиолог-кеңесші Dancho Ignatov. 2021 жылдан бастап Атыраудағы қазақстандық әріптестеріне кеңес беріп, тәжірибесімен бөлісіп келеді. Дәрігер Данчо үнемі жергілікті анестезиологтардың кәсіби деңгейін көтеру мақсатында семинарлар мен дәрістер өткізіп жүр.

Дәрігер Данчо қазіргі уақытта жергілікті мамандарға тыныс алу жолдарын мейлінше жарақатсыз қалпына келтіруді үйретуде. Бұл технология тыныс алу түтігін орнату мүмкін емес жағдайларда науқастардың өмірі мен денсаулығына қауіпті айтарлықтай төмендетеді.

Дәрігер Данчо дәрігерлер арасында емес, халық арасында «сепсис» туралы ақпарат берудің маңыздылығына тоқталды. Оның талабы бойынша күнде науқастар түсетін қабылдау бөлмесінде бұл ауру туралы ақпарат орналастырылған.

«...Сепсис - ағзаның инфекцияға реакциясын реттеудің бұзылуынан туындаған өмірге қауіп төндіретін ішкі ағзалардың дисфункциясы. Егер сепсисті уақытынды анықтамаса, дер кезінде емдемесе, ол септикалық шок, көптеген органдардың жеткіліксіздігіне, тіпті, өлімге әкелуі мүмкін. Сепсистің қоздырғыштары бактериялар, вирустар немесе зең болуы мүмкін. Бірақ көбінесе сепсис бактериялық сипатқа ие - оны стафилококктар, стрептококктар, пневмококктар, менингококктар, сальмонеллалар, көкіріңді таяқшалар және т.б. тудырады. Бұл ауру туралы бәрі білу керек, бұл мен үшін маңызды», - дейді Дәрігер Данчо.

Ұлыбританиядан Атырауға келген дәрігерлерге біздің қала шынымен ұнайды екен: «Біз мұнда өзіміздің көмегіміз тиетінін сеземіз, білеміз. Оқыту, көмектесу, кеңес беру, адам өмірін құтқару – біз де кезінде осыларды үйрендік. NCOC медициналық жобасының арқасында біз керек уақытта керек жердеміз – бұл нағыз дәрігердің міндеті».

20 ақпан 2023, 11:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.