Кахраманмараш апатының салдарын жою үшін кеше кеште «Түркия бір жүрек» деген атпен қайырымдылық кеші ұйымдастырылды, деп хабарлайды sabah газеті.
Барлық телеарналардың басын қосқан «Түркия бір жүрек» жәрдем науқанында танымал есімдер AFAD және Қызыл Жарты Айға көмек жинады. Танымал телехикаялардың әртістері мен арналардың бағдарлама жүргізушілері тікелей эфирде Кахраманмараш апатының салдарын жою үшін Түркияға қайырымдылық жасауға шақырды. Елдің белді іскер адамдары бірінен соң бірі рекордтық деңгейде қайырымдылық сомасын аударды.
Бұл түнде жалпы қайырымдылық 115 миллиард 146 миллион 528 мың лира деп жарияланса, 9 миллион 10 мың қайырымдылық SMS-і жолданды.
Айта кету керек, бұл шараға қарапайым жандардан бастап, тіпті, мектеп оқушыларына дейін жинаған ақшаларын аударды.