Облыстық білім басқармасының мәліметінше, Атырауда ақпан айының басында қардың көп мөлшерде түсуіне байланысты №30 мектеп-гимназиясының төбесінен су кетіп, төбе жабындылары жарамсызданды.
Гипсокартондар ылғалданып, оқушыларға қауіп төндіруіне байланысты олар қашықтан оқуға жіберілген.
№30 мектеп-гимназияда биыл мектепке күрделі жөндеу жұмысы жүргізілмек. Жобалық сметалық құжаттары дайын, мемлекеттік сараптама жүргізуге жолданған.
Білім басқармасының баспасөз қызметі қашықтан оқу қашанға дейін жалғасатыны белгісіз екендігін, оқушыларды басқа мектепке көшіру жайы қарастырылып жатқанын жеткізді.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Суретті облыстық білім басқармасы ұсынды (қазіргі уақытта маңдайшасы өзгерген – ред.).