10 ақпанда ҚР ТЖМ Атырау облысы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды. ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы ("Пара алу") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл туралы жергілікті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Ерұлан СЕРІКҚАЛИЕВ (суретте) Өңірілік коммуникациялар қызметіндегі брифингте «АЖ» сауалына жауап бергенде хабарлады.
Е. Серікқалиев пара сомасын айтпады. Оның айтуынша, ұсталған адамға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы кінәні мойындауға байланысты қолданылмаған, ал толық ақпарат кейінірек беріледі.
Айнұр САПАРОВА