Атырау, 28 қараша 12:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Әуесқой балықшылар үшін «сейсенбі-сәрсенбі» күшін жойды. Тек балық жоқ

1 162 просмотра

Балық шаруашылығы саласындағы кейбір құқықтық актілерге кезекті өзгерістер енгізілді. Бұл туралы Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының ресми өкілі Олег ТУШКАНОВ хабарлады.

Оның айтуынша, 8 ақпанда «Халық үніне құлақ асатын мемлекет: сөзден іске» тұжырымдамасын негізге ала отырып және «азаматтардың сұраныстарына жауап беру мақсатында» жергілікті атқарушы органдар Атырау облысының прокуратурасымен және мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасымен бірлесіп, Атырау қаласы әкімінің «Атырау қаласының су объектілерінде рекреациялық балық аулау аймақтарын белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізді. Өзгерістер 12 ақпанда күшіне енді.

Жайықта ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы бұйрығымен бекітілген Балық аулау қағидаларына сәйкес Кіші Дамба шекарасына дейін әуесқойлық (спорттық) балық аулауға рұқсат етіледі.

Жергілікті тұрғындардың мүддесін ескере отырып, Атырау облысында әуесқойлықпен балық аулауға тыйым салу мерзімі 2,5 айдан (1 сәуірден 15 маусымға дейін) 1 айға (15 мамырдан 15 маусымға дейін) дейін қысқартылды, сонымен қатар мұз қатқан кезде балық аулауға тыйым салынған сейсенбі мен сәрсенбіде балықтың «демалыс күндері» жойылды,

Балық аулау ережелерінен балық аулау кезінде балықты есептеу талаптары алынып тасталды. Енді кәсіптік балық аулаумен айналысатын тұлғалар балық шаруашылығының бассейндік инспекциясында ауланған балық көлемін белгілетуге міндетті.

Сондай-ақ, әуесқойлықпен балық аулау кезінде бір қармаққа ілмек санын (бес) шектейтін ереже Балық аулау ережелерінен алынып тасталды. Осылайша, әуесқой балықшы енді кез келген мөлшерде ілмегі бар қармақты еркін пайдалана алады (бұл 20 ақпанда күшіне енеді).

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

15 ақпан 2023, 15:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.