Атырау, 28 қараша 13:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Jusan атыраулық кәсіпкерлерді белсенді қолдап келеді

1 443 просмотра

Атырауда Мемлекеттік кірістер басқармасы, Кәсіпкерлер палатасы және Jusan Bank кәсіпкерлікті қолдау бойынша ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы үш жақты меморандумға қол қойды. Бұл ШОБ субъектілері консультациялық-ақпараттық қызметтер мен қаржыландыру бойынша көмек алып, мемлекеттік органдармен қарым-қатынасын жақсартады деген сөз.  

Тараптар негізгі бағыттар бойынша ынтымақтастық орнатуға келісті. Атап айтсақ: нарық қатысушыларын қолда бар қаржы құралдары туралы ақпаратпен қамтамасыз ету, кәсіпкерлерге қаржы өнімдерін ұсыну бойынша бірлескен іс-шаралар өткізу және т.б.

«Жобаларды қаржыландыру мәселелері кәсіпкерлер үшін әрдайым өзекті. Қазіргі кезде мемлекет бизнесті қолдау үшін түрлі бағдарламалар қабылдап, іске асыруда. Кәсіпкерлер де өз бизнесін құрып, әрі қарай кеңейтуде. Біздің бірлескен жұмысымыз шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту жөніндегі міндеттерді шешуде оң нәтиже беретініне сенімдімін», – деп атап өтті Атырау облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан СҮЙІНБАЕВ.

Айта кетсек, Jusan 2022 жылы Ұлттық кәсіпкерлікті дамыту жобасы аясында берілген несиелер саны бойынша қазақстандық ЕДБ арасында 3-ші орынға шықты. Бүгінде банктің инвестициялық жобаларды қаржыландыруының арқасында бүкіл еліміз бойынша 175 мың жұмыс орны ашылды. 

«Jusan Business бүкіл ел бойынша ШОБ субъектілерін белсенді түрде қолдап келеді. Бизнесті қаржыландыру бойынша банктің жеке бағдарламаларынан бөлек, кәсіпкерлер ДАМУ кепілдігімен микробизнес үшін онлайн несие де ала алады. Сонымен қатар біз Jusan Tole төлемдерді қабылдау құралын, салықты автоматты түрде тапсыруды жүзеге асыратын онлайн-бухгалтерияны және т.б. іске қостық. Мұның барлығы шығындарды азайтуға және кәсіпкерлердің бизнесінің өсуін жеделдетуге мүмкіндік берді, сол арқылы бюджетке түсетін салық аударымдары көбеюде. Қазіргі таңда біздің банк қазақстандық кәсіпкерлерге 900 миллиард теңге несие беріп, сол арқылы ел экономикасының дамуына зор үлес қосты», – деп атап өтті Jusan Bank-тің Атыраудағы филиалының директоры Дастан ЕСМАҒАМБЕТОВ.

Бір айта кетерлігі, қазірде Қазақстан бойынша 200 мың кәсіпкер Jusan Business цифрлық бизнес платформасының арқасында онлайн түрде банк және қаржылық емес қызметтерді пайдалануда. 

07.04.2021 ж. №1.2.35/225/37 лицензия Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген.

15 ақпан 2023, 11:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.