Атырау, 2 қазан 15:30
 ашықВ Атырау +16
$ 480.11
€ 532.25
₽ 5.14

Түркияда жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 35 мыңнан асты

609 просмотра

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елдің оңтүстік-шығысындағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 35 мыңнан асты деп мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол мұндай мәлімдемені министрлер кабинетінің отырысынан кейін жасады.

"Кахраманмараш жер сілкінісінің ауқымы мен жойылуы ерекше табиғи құбылыс болып есептеледі. Мен мерт болған 35 418 азаматтың әрқайсысына шапағат тілеймін. Мен зардап шеккен 105 505 азаматтың сауығып кетуін тілеймін, - деді Түркия президенті.

Еске салайық, Түркия мен Сириядағы жойқын жер сілкінісі 6 ақпанда таңертең болды. Магнитудасы 7,8 балға дейін жетті.

15 ақпан 2023, 00:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.