Атырау, 28 қараша 13:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Директор күзетшілердің жалақысын иемденіп, бас бостандығынан айырылды

1 105 просмотра

Атырауда «Қамал-Крепость» қауіпсіздік қызметі» ЖШС директоры жұмысшыларының жалақысын иемденіп, жаза алды.

Қылмыстық істің мәні мынада: өткен жылы серіктестікке 58 жергілікті тұрғын күзетші ретінде қабылданған, олардың міндеттеріне көлік нысандарын күзету кірген. Алайда, бір айдан соң, содан кейін екі ай өтсе де, адал жолмен тапқан ақшасын ала алмаған. ЖШС директорының жұмысшылар алдындағы қарызы 9 миллион теңгеден асқан.

Атырау көлік прокуратурасы прокурорының орынбасары Саят СЕЙІТЖАННЫҢ ақпаратына сай, аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі («Екі немесе одан да көп адамға жасалған алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Атырау қалалық сотының үкімімен зардап шегушілерге келтірілген залалды міндетті түрде өтеумен қатар 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. «Қамал-Крепост» директоры сот үкімімен келіспей, аппеляциялық шағым түсірген. Алайда облыстық сот бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Үкім заңды күшіне енді.

Айнұр САПАРОВА

15 ақпан 2023, 00:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.