300-ге жуық адамға мемлекеттік грант беріледі деп күтілуде. Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат МӘМБЕТОВ мәлім етті деп, хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметі.
- 2023 жылдың 20 ақпанынан бастап business.enbek.kz порталында грантқа өтінім қабылдаудың бірінші легі басталады. Оған мүгедектігі бар адамдар, «қандас» мәртебесі бар адамдар, өңіраралық қоныс аударушылар, аз қамтылған отбасылардың мүшелері, көпбалалы отбасының мүшелері оның ішінде жұбайы немесе зайыбы және мүгедек бала тәрбиелеп отырған адам мен асыраушысынан айырылып жәрдемақы алушылар үміткер бола алады. Ал, грант көлемі 400 АЕК-ті құрайды. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады. Сондай-ақ, үміткерден соңғы үш жыл ішінде алған «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздері бойынша курсты аяқтағаны туралы сертификат талап етіледі – дейді, А.Мәмбетов
Айта кетейік, грант беру туралы шешімді комиссия үміткерлердің бизнес-жобасын бағалаудың нақты өлшемшарттары негізінде қабылданады.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА