Атырау, 28 қараша 13:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Атырауда тоғыз балабақша пайдалануға беріледі

900 просмотра

Бұл туралы облыстық Білім беру басқармасының басшысы Гүлнар САДУАҚАСОВА  мәлім етті.

- Кезектілікті толық жою мақсатында облыс бойынша 2025 жылға дейін жалпы 56 мектепке дейінгі білім беру ұйымын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта қала бойынша жалпы сыйымдылығы 2610 орындық 9 балабақша құрылысы аяқталып, құжаттары жасақталып жатыр. Олар Атырау қаласындағы Самал, Береке, батыс Береке, Ақжар-2, Еркінқала-2 шағын ауданындарындағы және Әбілқайырхан 72А, Байтұрсынов 80, Белинский 21, Бейбарыс 485 мекенжайларындағы 290 орындық балабақшалар. Құжаттары дайын болғасын пайдалануға беріледі, - деді Г.Садуақасова.


Атырау облысында 42 895 баланы қамтитын 319 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді. Оның ішінде 252 мемлекеттік, 67 жеке меншік. Аталған мекемелердің 151-і балабақша, 101-і шағын орталық. Олардағы балалар саны – 38 884.

Ал, жекеменшік мектепке дейінгі ұйым саны 67, оның ішінде 58 балабақша, 9 шағын орталық бар. Онда 4011 бала тәрбиеленіп отыр.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыста балабақшамен қамту 82%, мектеп алды даярлық бойынша – 100% құраған.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Сурет ӨКҚ

14 ақпан 2023, 22:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.