2022 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында Қазақстанда 128,5 мың жұп шаңырақ көтерсе, 17,7 мың отбасы ажырасқан, деп хабарлайды Экспресс К.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2021 жылдың 12 айымен салыстырғанда заңды некеге тұрғандар саны 8,4 пайызға азайған.
Өткен бір жылда 128,5 мың неке тіркелді. Неке коэффициенті 1000 адамға 6,46 құрады.
Сондай-ақ 17,7 мың жұп ажырасты(соттың некені бұзу туралы шешімдерін есепке алмағандағы АХАТ органдарының деректері бойынша), -делінген хабарламада.
Бұл 2021 жылғы деңгейден 8,1 пайызға төмен. Ажырасу коэффициенті 1000 адамға 0,89 құрады.