Атырау, 28 қараша 15:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Теңізде мұнай өндіру азайды, бірақ ТШО оның ұзаққа бармайтынын мәлімдеді

1 907 просмотра

Бүгін, 10 ақпанда ҚР Энергетика министрлігі алты технологиялық желінің біріндегі қондырғыны жоспардан тыс жөндеуге байланысты Теңіз кенішіндегі өндіріс көлемінің азайғанын хабарлады.

«АЖ»-ның сауалына «Теңізшевройл» Теңіздегі алты технологиялық желінің бірі техникалық қызмет көрсету үшін уақытша тоқтатылғанын растады. Бұл жұмыстар аяқталғаннан кейін оның жұмысы қайта жалғасады. «Сонымен қатар, ішкі саясатымызға сәйкес, біз өндірістің қазіргі деңгейі туралы егжей-тегжейлі түсініктеме бермейміз», - деп жауап берді ТШО. Тұрақты жұмыстың арқасында Теңіз кенішінде мұнай өндіру жоспарының орындалуы жыл басынан бері 102 пайызды құрағанын атап өтті.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

10 ақпан 2023, 22:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.