Атырау, 2 қазан 17:23
 ашықВ Атырау +13
$ 480.11
€ 532.25
₽ 5.14

Рақымжан Жанғабыловты лауазымын төмендетіп, зауытқа кері алды

1 725 просмотра

Осыған дейін «AМӨЗ» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары – бас инженер қызметін атқарған Рахымжан ЖАНҒАБЫЛОВ зауытқа кері алынды. Бұл туралы Petrocouncil телеграм-каналы хабарлады. Енді ол өндірістік активтерге техникалық қызмет көрсету және жабдықтарды жөндеуді басқару департаментінің директоры.

Еске салсақ, бұған дейін каталитикалық крекинг қондырғысы тоқтатылғаннан кейін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм МЫРЗАҒАЛИЕВ өткізген шұғыл жиында Рақымжан Жанғабылов бірінші орынбасар қызметінен босатылған еді.

Үш күннен кейін әлеуметтік желіде М.Мырзағалиевтың атына Жанғабыловты бірінші орынбасар қызметіне қайтару туралы «“Атырау мұнай өңдеу зауыты” ЖШС қызметкерлерінің» қол қойылған өтініш пайда болды.

Ол бұрынғы қызметіне емес, лауазымын төмендетіп, зауытқа кері алды.

Зульфия НОМАД

9 ақпан 2023, 17:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.