Атырау, 12 қазан 12:38
 дождьВ Атырау +21
$ 453.93
€ 508.72
₽ 5.35

Инженерлік коммуникация құбырлары қай жерге жүргізіледі?

2 205 рет қаралды

Биыл Атырауда инженерлік-коммуникациялық жұмыстарға 3,1 млрд теңге қаражат қарастырылған. Бұл туралы қалалық құрылыс бөлімінің бас маманы Нұрболат БӨЛЕКОВ мәлім етті.

Атап айтқанда, Талғайраң елді мекенінде инженерлік-коммуникация жүргізіліп жатыр. Бұл жерде 45 пәтерлі 24 тұрғын үй құрылысы аяқталып, 90 пәтерлі 7 үйдің құрылысы басталды. 

Н.Бөлековтің айтуынша, биыл Қайнар елді мекені, Жұлдыз, Зарослый, Тасқала, Ақсай ықшамаудандарында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізу жұмыстары басталады. Жобалық-сметалық құжаты сараптаманың оң қорытындысын алған, енді қаражаты қарастырылып жатыр.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

ӨКҚ жолдаған сурет

10 ақпан 2023, 17:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.