Атырау, 24 қараша 02:02
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Түркиядағы зілзаланың 4-күні: қаза болғандар саны 16170-ке жетті

Толықтырылды
1 005 просмотра

9 ақпанда  Түркия уақыты бойынша сағат 17.00-де қаза болғандар саны 16170-ке жеткенін хабарлады.

Жаралылар - 64 194, қираған ғимарат - 6 444.

Сағат 11:37.

80-сағатта Кахраманмарашта  әкелі-қызды ама-есен шығарылды.

Сағат 11.00 (Түркия уақыты)

Адыяманда ең азы 79 сағаттан кейін ең аз 3 адам тірілей құтқарылады деп жұмыстанып жатыр.


Бір отбасынан үйінді астынан қалған 3 баланың 1-шісі сыртқа күлімсірей, аман-есен шығарылды. Мұнан соң тағы екеуі аман-сау шығарылды.

* * *

Интернетте де шектеулер болып жатыр. Президент Ердоған мен партия көшбасшылары арасында саяси тартыс, айыптаулар айтылып жатыр.


Сағат 10:00 (Түркия уақыты)

Газиантептегі Ислахиеге көмекке келген жұмысшылар, құрылысшылар екі күннен бері техниканың қаңтарылып тұрғанын, еш нәрсе жасай алмай тұрғандарын айтады. 

«Бір адамның өмірін болса да құтқарып қалсақ деген үмітпен келген едік, бірақ бізді жақындатпайды, рұқсат бермейді, тек құтқарушылар ғана жұмыс жасап жатыр, бұл туралы сөйлесетін де ешкім жоқ, аяқ-қолымыз жіпсіз байлаулы. Суықтан тоңып қалдық», - дейді жұмысшылар. Осы маңда нұсқау күтіп отырған жандармдар да жүр.

Тікелей эфирде таратылып жатқан Fox каналының ақпаратына сүйенсек, Хатайдағы Арсузда кешеден бері қала тәрк етілген секілді, ешкім көрінбейді. Бүгін ғана аз-мұз ғана құтқарушылар бой көрсетті. Олар әзірге қазу жұмыстарын жасап жатпағанын, тірі жан қалды ма екен деп, құлаған ғимараттарды аралап жүргендерін айтады.

Антакьяда кәсіби көмекке зәру екенін хабарлап жатыр. «Әскерилер көмекке келгенмен, тұрғындар далада, суықта, шатырсыз, аш-сусыз, үйіндіден аман шыққандар, жаралылар медициналық жәрдемге мұқтаж. Әлі қаншама күтуге болады, жалбарынамыз, тездетіп келіңдер» деп, жан айқайын жеткізуде.

9 ақпан 2023, 12:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.