Атырау, 28 қараша 16:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Шетелдіктердің Қазақстанда тұрақты тұруына рұқсаттар рәсімдеу қағидаларына өзгерістер енгізілді

1 241 просмотра

Қазақстанмен тиісті көші-қон келісімдері бар елдердің азаматтары біздің елімізге ішкі құжаттары бойынша кіруге, шығуға, транзитпен өтуіне және уақытша тұрақтауына болады.

Алайда, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруына рұқсат алуы үшін шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын және олардың құқықтық мәртебесін растайтын құжат ретінде шетелдік паспорт қажет. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру үшін 2023 жылы 6 қаңтар күні ІІМ-нің бұйрығымен тұрақты тұруға рұқсаттар ресімдеу қағидаларына өзгерістер енгізілді.

Енді шетелдіктерге тұрақты тұруға өтініш берген күні жарамдылық мерзімі кемінде 180 күнтізбелік күнді құрайтын өзінің шетелдік паспортын ұсыну қажет.

Уақытша тұруға рұқсаттар алу үшін тұрғын үй иесінің, оның атынан сенімхат бойынша әрекет ететін адамның баруы не болмаса меншік иесінің нотариалды расталған келісімі қажет.

Атырау облысының полиция департаменті

9 ақпан 2023, 15:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.