Атырау, 28 қараша 15:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Банк комиссияларының жоғары болуы шағын бизнестің қолма-қол ақшасыз төлем жасауға көшуін бәсеңдетеді

1 372 просмотра

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының (ӨКП) жанындағы сауда комитетінің отырысында бизнес субъектілерінің POS-терминал мен жедел төлем жүйесін пайдалану мәселелері талқыланды, деп хабарлады Палатаның баспасөз қызметі.

Отырысқа Мемлекеттік кірістер департаменті мен екінші деңгейлі банктердің филиалдарының өкілдері қатысты. Банк өкілдерінің алдында сөз сөйлеген ӨКП жанындағы Сауда комитетінің төрағасы Бауыржан ҚҰРМАНБАЕВ базарларда сауда жасайтын «шағын дүкендердің» иелері мен шағын кәсіпкерлер негізінен екінші деңгейлі банктердегі қызмет көрсету құнының қымбаттығына шағымданатынын атап өтті. Айтуларынша, күнделікті түскен табысы бұл шығындарды жабуға мүмкіндік бермейді екен.

Екінші деңгейлі банк өкілдері өз кезегінде микробизнеске арнайы жеңілдікпен тарифтер қолданылатынын мәлімдеді.

- 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап ЖК мен заңды тұлғаларды POS-терминалдарын және (немесе) лезде төлем жасау жүйелерін пайдалануға міндеттейтін «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» ҚР Заңы күшіне енді. Дегенмен, бүгінде көптеген кәсіпкер ескі әдіспен жұмыс істеуді жөн санайды, - деп хабарлады ӨКП баспасөз қызметі.

Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан СҮЙІНБАЕВ жақында Жылыой және Құрманғазы аудандары кәсіпкерлерінің өз қаражатына бақылау-кассалық машиналарды жиі «қайта бағдарламалау» қажет болатынына шағымданған ұжымдық үндеуін еске алды. Оның айтуынша, мұның бәрі бизнестің қолма-қол ақшасыз төлем жасауға көшуіне кері әсерін тигізуде.

Жиын соңында екінші деңгейлі банктерге микробизнес өкілдері үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасау мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

9 ақпан 2023, 01:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.