Атырау, 28 қараша 15:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Прокуратура карьерлерді пайдалану бойынша 13 келісімшартты бұзды

1 223 просмотра

Атырау жер қойнауын пайдаланушылардың лицензиялық міндеттемелерін орындамау, міндетті төлемдерді төлемеу, сондай-ақ заңды құжаттарсыз жер пайдалану құқығын үшінші тұлғаларға беру деректері анықталды. Бұл туралы табиғат қорғау прокуроры Еркебұлан ЕРМЕКОВ мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Табиғат қорғау прокуратурасы кең таралған пайдалы қазбаларды өндіретін карьерлерді пайдаланудың заңдылығына талдау жасады. Нәтижесінде, прокурорлық әрекет ету актісі бойынша «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның 13 шарты және «Консалтинг-Недра» ЖШС-нің жалпы алаңы 773,9 гектар жерді пайдалануға бір келісімшарты бұзылды.

- Бұдан басқа, Атырау облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлады прокуратура.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

8 ақпан 2023, 21:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.