Атырау, 26 маусым 02:36
 дождьВ Атырау +26.1
$ 485.40
€ 550.69
₽ 6.41

Үш жаңа жоба: миллиардтар және жұмыс орындары

1 350 рет қаралды

Биыл Бірыңғай индустрияландыру картасы аясында өңірімізде жалпы сомасы 14,9 млрд теңге құрайтын үш жобаны іске қосу жоспарлануда. Онда 207 жұмыс орны ашылмақ. Бұл туралы ӨКҚ-де өткен брифингте Атырау облысы индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының м.а. Ризабек МҰСАҒАЛИЕВ хабарлады.

Бірінші жоба – «Ультрастаб-Қазақстан» ЖШС-нің тоқыма геотекстильдер шығаратын цехы (құны 2 млрд теңге, 67 жұмыс орны);

екіншісі – «РГК-Каспий» ЖШС-нің экструзивті геосинтетика өндіру цехы (3 млрд теңге, 61 жұмыс орны);

үшіншісі – «ATYRAU CHICKEN» ЖШС ет бағытындағы құс фабрикасы (9,9 млрд теңге, 79 жұмыс орны).

Айнұр САПАРОВА

8 ақпан 2023, 21:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.