Атырау, 2 қазан 17:31
 ашықВ Атырау +13
$ 480.11
€ 532.25
₽ 5.14

Жол сызығы қардан көрінбесе, «Сергек» әзірге кешіріммен қарайды

1 381 просмотра

Қала ішінде қар түсіп анық байқалмайтын жол таңбаларын басқан көліктерді бақылау камерасы тіркеп жатқан жоқ. Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаменті мәлімдеді.

- Қазіргі кезде көлік құралының жүру жылдамдығын бұзған, бағдаршамның тиым салынған белгісіне өткен, реттелетін көше қиылысында көлік құралының тоқтау орнының талабын сақтамаған және «тоқтауға тыйым салынады» жол белгісі талаптарын бұзушылықтар тіркелуде. Осыған байланысты, қала тұрғындары назарына жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтап, жол-көлік оқиғаларын алдын-алу мақсатында барынша сақ болуды ескертеміз, - деді ПД.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті түсірген автор

8 ақпан 2023, 18:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.