Атырау, 28 қараша 15:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Атыраудың жолдарын қар басты

1 579 просмотра

Демалыс күндері, 7 ақпан күні таңертең жауған қардан қала тұрғындарының қуанышы ренішке айналды. Көбі жұмысқа кешікті, автобуста адам көп, такси бағасы көтеріліп кетті – кейбір жүргізушілер кептеліске байланысты белгілі бір аймаққа барудан бас тартып жатты.

Әсіресе, әдетте, соңғы кезекте тазартылатын қала маңындағы жолдармен жүру қиын.

Атыраудағы жолдың барлық жерінде көктайғақ, әсіресе екінші дәрежелі жолдан шығатын бұрылыстарда мұз қатып қалған. Көп жерде бағдаршам өшіп, көлік кептетіліп қалды. Орталық көшелерде дөңгелекпен басылып қалған жерлер болса, шет жақтағы жолдарда тоқтай алмай, сырғанап кетуің ғажап емес.

Жүргізушіге де, жаяу жүргіншіге де жолды қарап жүру қиын болғандықтан, апатқа ұшырау қаупі айтарлықтай жоғары. Әсіресе көп адам қар басқан тротуардан гөрі жол жиегімен жүрген ыңғайлы деп есептейді.

Атырау облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Мейірім ЕРДӘУЛЕТТІҢ айтуынша, жол-патрульдік полициясы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Жалпы, қар жауып бастағаннан 7 ақпан күні түске дейін облыс бойынша 70 жол-көлік оқиғасы тіркелсе, оның 50-і қала ішінде орын алған. Полиция жүргізушілерді қауіпсіздік үшін ара қашықтықты сақтауға, жылдамдықты шектеуге және алыс жолға шығудан бас тартуға кеңес береді. 

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

Суретті түсірген Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

8 ақпан 2023, 15:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.