Атырау, 2 қазан 19:17
 ашықВ Атырау +13
$ 480.11
€ 532.25
₽ 5.14

​«Атырау Барыстары» баскетбол командасы Қазақстан-2023 кубогын жеңіспен бастады

Сурет
1 932 просмотра

2023 жылғы ерлер арасындағы Қазақстан Кубогы бұл жолы Атырауда өтті. Жарыс Jusan Arena баскетбол залында 6-11 ақпан аралығында өтеді. Турнирдің басты демеушісі — Қазақстанның ірі банктерінің бірі Jusan Bank.

Кубокқа 6 клуб таласады: «Алматы легионы 2», «Астана», «Тобыл», «Ақтөбе», «Irbis Almaty» және біздің «Атырау Барыстары». 

Бұл күндері топтық кезең ойындары өтіп жатыр. 9 ақпанда плей-офф матчтары басталады.

Бірінші матчта алаң иелері «Ақтөбеден» 69-68 есебімен басым түсті. «Барыстар» келесі матчтарда да қарқынын бәсеңдетпеуге ниетті. Бүгін, 8 ақпанда олар «Алматы легионы 2» командасымен кездеседі. 

«Ақтөбе» командасымен матчтар әрдайым эмоционалды, тартысты өтеді. Бұл жолы қиын және өте қызықты ойын болды. Біз тек бір ұпай айырмашылығымен жеңдік. Менің ойымша, ең қызықты ойындар әлі алда. Маусымдағы мақсатымыз — ұлттық лиганың жеңімпазы болу. Айта кету керек, біздің команда ойыншыларының 80 пайызы жергілікті, атыраулық балалар, үшеуі ғана легионер», - дейді «Атырау Барыстары» командасының бас бапкері Тигран Гекчян. 

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы «Атырау Барыстары» Қазақстан Кубогін сенсациялық түрде жеңді, финалда «Астанадан» басым түсті.

2003 жылы құрылған клуб Қазақстанның екі дүркін чемпионы (2011, 2016 ж.), Қазақстанның жеті дүркін күміс жүлдегері, Қазақстан жоғары лигасының чемпионы және ҚР Кубогының қазіргі иегері саналады. 

 2023 жылдың қаңтарында банк «Атырау Барыстары» БК ресми серіктесі атанды. 

«Jusan позициясы неопатриотизм идеясына негізделген, яғни біз әрбір қазақстандыққа сенеміз. Біз өз спортшыларымызды, музыканттарымызды және елдің имиджін көтеретін әртістерімізді мақтан тұтамыз. Біздің клиенттеріміз үшін ең жақсы жағдайларды жасап, мақтануға лайық отандастарымызды қолдай отырып, біз Jusan ұранын тағы еске саламыз: «Сіз үшін мүмкіндіктер!». Ал биылдан бастап біз «Атырау Барыстарымен» тығыз жұмыс істейміз, сол арқылы өңірлік спортты қолдаймыз», - дейді Jusan өңірлік маркетинг бағытының басшысы Айбол Қалыбаев.

8 ақпан 2023, 14:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.