Атырауға көптен бері жауған қалың қар билікті сынға ұшыратты. Атыраулықтар “осынша "бай" өлкеміз неге өзін жарылқай алмай отыр, қар тазалайтын техника қайда?" деп наразы.
Әсіресе, қала маңындағы ауылдардың жағдайы қиын. Дамбы, Тасқала, Еркінқала, Көкарна, Зарослый, Ақжар, Ақсай, Томарлы, Геолог ауылдары мен Балауса және Жұмыскер, Атырау, Бірлік, Жұлдыз ықшамаудандары тұрғындары екі күннен бері көлік жүретін көшелерді қардан тазалап беруді сұрап жатыр. Тұрғындардың көбі жұмысқа жете алмай қалды. Қарға жеңіл көлік тұрмақ, КамАЗдар батып қалып жатыр. Ал Томарлы ауылының тұрғындары Қайыршақты ауылдық округі әкімдігінен көмек болмағасын, өздері ақша жинап, екі трактор жалдап алған. Ақша жинап, тағы екеуін алуды ойластырып жатыр. Бүгін таңертеңнен орталық Қ,Смағұлов көшесінен бастап, жолды қардан тазалауды бастап кетті.
Екі күннен бері жағдай әлеуметтік желіде талқыланып жатыр, Атырау облысы әкімдігінің телеграм парақшасына да шағып көп түскен.
Солардың бірнешеуін қаз-қалпында келтірейік:
“Сәтпаев тазалай бересіздер ме? Дамба жолы жабық скорый келе алмайды, мынау масқара ғой”, “Мынандай ауа райында абдырап жатыр, бұданда қатты бірнәрсе болса біттік деген сөзгой. Масқарааааа....”,
“Дамбы әкімі У.Байзуллин мырза, неге ауыл ішіндегі тракторы бар кәсіпкерлерге хотя бы калаға қатынасатын жолды неге тазалатпайсыз, мына ел болып жылау керекпе обязательно, жұмысты жасай алмасаңыз жастарға беріп орныңызды босатыңыз, көшеге свет деп зарлағанымызға 2 жыл болды ол әлі жоқ биыл жүргіземіз дедіңіз оныда көрерміз, 2 күн түскен қарды тазалауға техника жоқ 5-7 күн жауса қалай болар екен, еш төтенше жағдайға дайын емес”,
“Маленький Атырау и почистить не могут дороги”, “көкарна елді мекенінен адамдар жұмысқа жете алмай жатыр, автобус атымен жоқ, техника жіберіп жол аштырсаңыздар”, “Жолды кашан тазалайды? Коликтер өте алмай жатыр орталық жолға Балауса ыкшам ауданы. 70 техника жүр дегени кайда акимнин? Кар кеше кешке 7 токтады. бир де бир техника көрген емеспиз”, “Қала сыртының тұрғындары жиналып үстерінен жазу керек болып тұр. Орындарын босатсын. Халыққа қызмет ететін адам қойсын. Постоянно осылай. Халық зар илеп отырады”,
“Бұл қардың бәрі ерісе суға кету қаупі бар. Сондықтан әкімшілік жаздың қамын, қыста ойлайық”, “Тасқалада жол жоқ көшелер тазланбаға Тасқала әкімі қайда қарап отыр халық өздері техника жалдап тазалап жатыр не масқара бұл”, “Спец авто база Акимат вопрос к вам в мкр Оркен Балауса мы что отдельное государство ???? дороги замело ни выехать ни заехать чистиете только основной центр Сатпаева и всё а другие районы пригороды там вовсе тяжело нам гд вы ??? помогите центральнаяулица внутреняя улица Замело всё ждём помощи Звонили обращались к Акиму Еркинкплинского с/ о Он только разводит руками ждёт помощи с города по чему на балансе Сельских округов нету собственной техники . Апатты жагдай болып калса коздеримизды бакрайып Каланын акимге карап отырамыз ба??? не ушин отырсыныздар сыздер ? акимат ? орындарынды босатыныздар . Петиция жазып кол жинаймыз олай бармайды ары карай”, “Салематсыздар ма дамбадан бүкіл шыққан көлік дача, зарослый жолында тұр 2шақырым кептеліс, шара қолданып жатыр ма? Жұмысқа бара алмай тұрмыз 2 сағат болды, сұмдық”,
”, Анпз жолы жабык кептеліс рельс бойы кар тазаланбаган”, “Почему дороги не почищенны от снега? Небольшой город вроде. Можно же хотяб центральные улицы убрать. Едешь по дороге как по брусчатке. Где снегоуборочные машины, трактора . Нефтяная столица - куда все деньги уходят”, “Кеше зарослый бойын күреге тракторма бульдозерма вообщем иесі, надан болмай күрген қарыңды неге мен үйім алдына жинап кеттің”, “Кар тазалауға мкр атырау томарлы геолог ақжар ақсай бірлік жұлдыз ға трактор шығарыңыз әкім мырза келіп көріңіз шет жақ аудандарды”,
“Әкімдік мынау енді ұят барғо, циклон болатыны туралы бір апта бұрын естіген боларсындар. Дайын отырмацсындарма, хайп жасап қаланың ішін трактормен күрегенше дамбы жолы машиналар тұр қозғалмастан жол бойында км кептеліс жасап”, “Отиниш! Еркинкалага дейинги трассаны карын тазалап бериндерши танга дейн. Уйге баралмай журмин. Котел ошип калыпты свет сонгенде. Уйде отбасым бар еды. Машинамды тастап таксименде кете алмай турм”, “Дамбы елді мекені тұрғындары қардың тазаланбауынан қалаға жұмыс жасайтындар жету қиын болып отыр.Қашан көмек болады жоғарыдан, кім тазалау керек?”.
Айнұр САПАРОВА
Бейнежазбаны тұрғындар Атырау облысы әкімдігінің телеграм каналына жолдаған.