Демалыс күндері жауған қардан қала тұрғындарының қуанышы 7 ақпан күні таңертең ренішке ұласты. Көбі жұмысқа кешігіп қалды, автобустар лық толы, такси бағасы шарықтап кетті. Кейбір жүргізушілер кептеліске байланысты белгілі бір ауданға барудан бас тартады.
Әсіресе, әдетте, ең соңынан тазартылатын қала маңындағы жолдар зардап шегеді.
Атырау жолдарында, барлық жерде дерлік көктайғақ байқалады, әсіресе қосалқы жолдың бұрылыстарында. Көп жерлерде бағдаршамдар өшіп, көлік кептелісі пайда болды. Егер орталық жолдарда кем дегенде дөңгелектермен тапталған жолдар болса, шеткі жолдарда сырғанау қаупі бар.
Жүргізуші үшін де, жаяу жүргінші үшін де жол шамалы көрінетін қолайсыз ауа-райында апатқа ұшырау қаупі айтарлықтай жоғары, әсіресе көп адам қар басқан тротуардан гөрі жол жиегімен жүргенді жөн көреді.
Атырау облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Мейірім ЕРДӘУЛЕТТІҢ айтуынша, жол-патрульдік полициясы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Жалпы, қар жауа бастағалы 7 ақпан күні түске дейін облыс бойынша 70 жол-көлік оқиғасы тіркелсе, оның 50-і қалада. Полицейлер жүргізушілерді қауіпсіз қашықтықты сақтауға, жылдамдықты шектеуге және тас жолға шығудан бас тартуға шақырады.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА
Суретті түсірген Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ