Атырау, 28 қараша 14:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Атырауда полицейлер 11 жасар қызды қинау фактісі бойынша іс қозғады

1 488 просмотра

Жақында Facebook әлеуметтік желісінде әкесі бірнеше жыл бойы ұрып-соғып, намаз оқуға мәжбүрлеген кәмелетке толмаған қыз туралы ақпарат пайда болды. «Дильназ Адильжановна» есімді қолданушы өз жазбасында қыздың әңгімелеуінше, оның туған әкесінің «ваххабит» екенін жазыпты.

«Дильназ Адилжановна» Кәмелет жасқа толмағандарды бейімдеу орталығының атынан жазба қалдырған, сондықтан ол осы орталықтың қызметкері секілді көрінеді.

Біз осы адаммен байланысуға тырыстық, бірақ ол бізге жеке хабарламаға ақыры жауап бермеді. Міне, ол өз жазбасында былай деп жазады:

«Қыздың анасы бірнеше жыл бұрын түрмеге отырған, бостандыққа шыққаннан кейін ол балаларынан бас тартып, отбасын тастап кеткен. Өткен жылдың қараша айында кезекті ұрып-соғудан кейін қыз анасының нағашы әжесіне өзін балалар ауруханасына апаруын өтінген. Дәрігер оның көптеген жарақаттарын, көгерген жерлерін және қабырғасының сынғанын анықтады. Әкесі жазалайды деп қорыққан қыз дәрігерге бар шындықты айтпаған.

Осы жылдың қаңтар айында кезекті қорлыққа шыдай алмаған қыз әкесі оны тағы да ұрып-соғып, мазақ етеді деп қорқып, сыныптас құрбысының әкесінен үйінде қалуын өтінген. Сыныптасының әкесі оны полицияға апарып, қыз әкесінен көрген қорлығы мен ұрып-соғатынын айтқан.

Осыдан кейін полицейлер қызды біздің кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырды. Мұны білген әкесі жағынан адвокат әжесі ұлына қарсы куәлік бермеу үшін қызға өзінің тамыр-таныстары арқылы қысым көрсетуге тырысады. Әкесі де өзін қорғау үшін қызын жамандауға тырысады. Бірақ үйіне алып кетуді ойламайды. Қазір қыз әкесі өзін ұстап алады деп, мектепке баруға қорқады...».

Жазба қызу талқыланды. Жазбаның астына тіпті әкесі деп, суретін де шығарды. Біз полициядан түсініктеме сұрадық. Атырау облысы ПД баспасөз қызметінің басшысы Мейірім ЕРДӘУЛЕТ аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы («Кәмелетке толмағанға адамды қинау») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын айтты.

- Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазір жасөспірім Атырау облысындағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында мамандардың бақылауында.

Басқа мәліметтер ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды, – деді М.Ердәулет.

Содан кейін біз кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы директорының м.а. Кәмшат ЕСПОСИНОВАҒА хабарластық. Ол жазба авторының орталық қызметкері еместігін  айтты. Ал қыз оларға 20 қаңтарда келген, оны кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар алып келген. К.Еспосинованың айтуынша, қыз 11 жаста, орталыққа келген кезде қызда ұрып-соғу белгілері байқалмаған.

- Ол туралы білу үшін маған бірнеше адам хабарласты. Бірақ жазба жариялаған әйел біздің қызметкер емес. Ол қызды көрмеген, бірақ біздің атымыздан жазып отыр. Оның бұл ақпаратты қайдан алғанын білмейміз.

– Бірақ оның жазбасында жазылғандар қаншалықты рас, айта аласыз ба? Бұл рас па әлде өтірік пе?

– Жоқ, өтірік емес, бірақ әсірелеу бар. Сондай-ақ «вахаббит» деп жазылған. Біз мұндай сөзді мүлдем айтқан жоқпыз. Қыз әкесімен бірге тұрған, 11 жаста, отбасының тұңғышы. Одан кейін екі бала бар. Бәрін әкесі өзі тәрбиелеп отыр, әйелімен ажырасқан, балалары әкесінің қолында қалған.

Айнұр САПАРОВА

6 ақпан 2023, 17:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.