Атырау, 28 қараша 14:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Биыл Атырау қаласында 30 кешенді трансформаторлық станция орнатылады

1 130 просмотра

Бұл туралы қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің бас маманы Мұхтар САҒАНДЫҚОВ мәлім етті.

2020-2021 жылдары қалада 50 дана кешенді трансформаторлық станция орнатылып, 0,4 кВ кернеудегі әуе электр желілері тартылған. Трансформаторлық станциялар Балықшы, Құрсай, Мирас, Бірлік, Мұнайшы, Химпоселок ықшамаудандары мен Ақсай ауылына орнатылған. Былтыр жазғы уақытта қуаты жеткіліксіз болуы себепті тозығы жеткен кешенді трансформаторлық станциялары Атырау-2 ықшамауданында ауыстырылды. 

- Қазір 40 дана кешенді трансформаторлық станциялар сатып алынды. Олардың 30-ы орнатылса, 10-ы резервке қойылады. Тұрғындардың жергілікті атқарушы органға түскен арыздарына және «Атырау Жарық» АҚ-ның мамандарымен бірлесіп зерттеу жұмыстарын жүргізу нәтижесіне орай 30 орын бекітілді. Оларды Самал, Мирас, Химпоселок, Водников, Жұмыскер, Лесхоз, Атырау, Көкарна ықшамаудандары мен Ақсай, Еркінқала 1, 2 ауылдарына орнату жоспарлануда. Жұмыс қосымша бөлшіктерді жеткізуге мердігер мекеме анықталғаннан кейін басталатын болады,- деді М.Сағандықов.

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

ӨКҚ жолдаған сурет

6 ақпан 2023, 16:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.