Атырау, 24 қараша 15:07
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қазақстандықтардан көп табыс табады

1 654 просмотра

Мемлекеттік еңбек инспекция басқармасының басшысы Игілік ӘУБӘКІРОВ ӨКҚ өткен брифингте былтыр Атырау облысында 259 тексеру жұмыстары жүргізіліп, 318 еңбек заңнамасын бұзу фактілері анықталғанын хабарлады. Барлығы 1933 өтініш тіркеліп, соның 1705-і қаралып, 985 азаматтың еңбек құқығы қорғалған.

Анықталған 318 деректен 261-і еңбек қатынастары бойынша еңбек заңнамасын бұзу, 46-сы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, 11-і халықты жұмыспен қамту заңнамасы бойынша. Жұмыс берушілерге  136 тиісті нұсқама беріліп, 284 әкімшілік хаттама толтырылып, 33,9 млн теңге айыппұл салынған.

- Азаматтардың өтініштері және облыс прокуратурасымен бірлесіп, шетелдік жұмыс күшін тартатын 61 кәсіпорында жоспардан тыс тексеру жүргізу барысында, 23 қазақстандық жұмысшылардың еңбекақысын кемсіту, 33 шетелдік жұмысшы берілген рұқсатқа сәйкес келмейтін лауазымда қызмет атқару, 59 шетел азаматының білімі атқарып отырған лауазымына сәйкес келмеу, 72 қазақстандық және шетелдік жұмыс күші санының арақатынасын сақтамау, 33 еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігін сақтамау, 14 халықты жұмыспен қамту заңнамасын сақтамау деректері анықталып, қажетті шаралар қолданылды. Бұл бағыттағы жұмыстар осы жылы да жалғасын табатын болады, -деді И.Әубәкіров.

Оның айтуынша, 2022 жылы облыс кәсіпорындарында 43 өндірістік жазатайым оқиғадан 42 жұмысшы ауыр дене жарақатын алып, 6 жұмысшы қаза тапқан.

Барлық өндірістік жазатайым оқиғалар бойынша жүргізілген арнайы тергеп-тексеру құжаттары процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданған.

Айнұр САПАРОВА

6 ақпан 2023, 17:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.