Соңғы хабарларға сүйенсек, қазіргі уақытта қаза болғандар саны 1651-ге жетті.
* * *
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінің салдарын еңсеруде шұғыл көмек көрсетуді тапсырды, деп хабарлады Ақорда.Сыртқы істер министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігі түрік билігімен байланыс орнатты.
Жақын арада Түркия үкіметінің өтініші бойынша зардап шеккен өңірлерге қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер ұшады.
* * *
Түркияда болған жер сілкінісінен кейін сол елдегі қазақстандықтар Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне әлі өтініш білдірген жоқ.
Астана уақыты бойынша сағат 15:00-дегі мәлімет бойынша, күшті жер сілкінісінен кейін қазақстандықтардан еліміздің Түркиядағы елшілігіне өтініш түспеген.
"Консул Түркияның Төтенше жағдайлар департаментімен тұрақты байланыста. Қазіргі уақытта тізімде зардап шеккен немесе қаза тапқан Қазақстан Республикасының азаматтары жоқ. Айта кетейік, көп ғимарат қирағандықтан, іздестіру жұмыстары әлі де жүріп жатыр."
* * *
10 провинцияда қираған жер сілкінісінде қазіргі уақытта 284 адам қаза тауып, 2 мың 323 адам жарақат алды. Бұл туралы Түркия БАҚ құралдары хабарлайды.
Кахраманмарашта болған 7,4 балдық жер сілкінісі Түркияның 10 қаласында болды. Вице-президент Фуат Октай жер сілкінісі туралы соңғы мәлімет беріп, «осы уақытқа дейін 284 адам қаза тапты, 2 мың 323 адам жарақат алды, 1710 ғимарат қирады» деп хабарлады.
Кахраманмараш провинциясының Пазаржык қаласында таңғы сағат 4.17-де магнитудасы 7,4 болатын жер сілкінісі болды. Жер сілкінісі 7 шақырым тереңдікте болып, шамамен 30 секундқа созылды. Жер сілкінісі, сондай-ақ Килис, Диярбакыр, Адана, Османие, Шанлыурфа, Адьяман, Газиантеп, Малатия және Хатайда да қирауға себеп болды.