Атырау, 28 қараша 14:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Әлеуметтік желіде жанжалдасып, сотта татуласқан

1 081 просмотра

Қызылқоға аудандық соты жергілікті тұрғынға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 131-бабының 2-бөлігі («Бұқаралық ақпарат құралдарын немесе ақпараттық-коммуникациялар желілерін пайдалана отырып қорлау, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiту») бойынша қылмыстық істі қарады.

Соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл дерек сотта анықталған. Арызданушы өз арызында құқық бұзушы «өзіне құрметсіздік көрсетіп, Facebook әлеуметтік желісінде жалған ақпарат тарату арқылы оның ар-намысы мен қадір-қасиетін көпшілік алдында әдепсіз түрде қорлады» деп көрсеткен.

– Сот талқылауы басталғанға дейін тараптар медиация тәртібімен татуласу туралы келісім түсті. Кәсіби емес медиатордың қатысуымен аталған жанжалды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасалып, онда жәбірленуші Т., сотталушы А.-ны кешіріп, татуласуына байланысты қылмыстық істі тоқтатуды сұрады, - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі. Сот істі тоқтату туралы қаулы шығарды.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

6 ақпан 2023, 13:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.