Атырау, 28 қараша 14:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Балық аулаушыларға Дамбыға дейін рұқсат берілді

1 101 просмотра

Атырау қаласының әкімі Мейірім ҚАЛАУИ балық аулау аймағын Курилкин ауылынан Дамбыға дейін кеңейту туралы қаулыға қол қойды. Бұл атыраулық әуесқой балықшылар үшін жақсы жаңалық, өйткені қала сыртынан Жайықтан балық аулауға мүмкіндік көп.

Қала әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Руслан ДӘУЛЕТОВТЫҢ айтуынша, құжат екі күн бұрын Әділет департаментінде тіркеліп, тіркелгеннен кейін 10 күннен соң күшіне енеді.

- Бірақ балық қыстайтын шұңқырлар маңында (ол жерде тиісті белгілер орнатылған), сондай-ақ балық аулау кооперативтерінің тартымынан балық аулауға тыйым салынғанын ескеру керек, - дейді Р.Дәулетов.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

6 ақпан 2023, 12:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.