Атырау, 28 қараша 16:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Жайық сағасының тереңдігі жарты қадам ғана

1 097 просмотра

Жайықтың теңізге құяр жерінің тереңдігі небәрі 30-40 сантиметр. Ал сәл әрірек, 10 шақырым қашықтықта – екі метрдей. Мұны жергілікті атқарушы орган өкілдері, өңірлік Қоғамдық кеңес мүшелері мен  табиғатты қорғау құрылымдары өкілдерінен құралған жұмыс тобы сол жерде анықтады. Бірақ бәрібір бұл өте аз.

Соңғы жылдары Жайық өзенінің тайыздануы еліміздегі өзекті мәселелердің біріне айналды. Қазірдің өзінде қарапайым көзбен өзен арнасының қалай тартылып жатқанын көруге болады.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыс әкімінің орынбасары Қайрат НҰРТАЕВ Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясына таяу күндері дәл координаттар қойып, әрбір нақты өлшеу нүктесінде тереңдіктерді көрсете отырып, сағалық кеңістіктің жай-күйін егжей-тегжейлі зерделеуді тапсырды.

«Болашақта бұл деректер өзен бетін мұздан толық тазартумен жалғасатын түп тереңдету жұмыстарын жүргізу кезінде пайдаланылады. Сондай-ақ, бұл деректер көктемгі су тасқыны кезінде су тасқынына қарсы іс-шараларды дайындау кезінде ескеріледі», - делінген әкімдіктің баспасөз хабарламасында.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

3 ақпан 2023, 14:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.