Атырау, 28 қараша 15:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Атыраулық сәулетшілер халықаралық стандартқа көшеді

1 226 просмотра

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Гүлбаршын АРЫСТАНОВАНЫҢ қатысуымен брифинг өтті. Ол өңірімізде орталық көшелер үшін сәулеттік дизайн-код әзірлеу жоспарланғанын хабарлады.

Оның ақпаратынша, бұл стандарт бос орындарға жаңа құрылыс салуды қалыптастыруға, бұрын соңды салынған құрылысты қайта өңдеуге және қала аумағын абаттандыру мәселелерін қамтиды. Дизайн-код халықаралық нормативке көшіп, тұрғындардың жайлылығы үшін кеңістік құруға мүмкіндік бермек.

- Осы жылы облыстық басқарма өңірдің бірқатар аудандары мен екі қаладағы (Атырау мен Құлсары) құрылыс жобаларын әзірлеуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ осы жылы Индер ауданындағы Атырау-Орал автокөлік жолының 178-180 шақырым аралығындағы 150 гектар және Құлсары қаласының Болашақ-2 мөлтек ауданының 500 гектар аумағына егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларының жұмыстары басталады. Негізгі мақсат –экологиялық қауіпсіздік критерийлеріне жауап беретін, өмір сүру үшін эстетикалық жағынан тартымды әрі жайлы заманауи композициялық-тартымды сәулетті қала құрылыс ортасын құру, - деді Г.Арыстанова.

Оның айтуынша, аталған жобада жеке және көппәтерлі тұрғын үйлер, әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық объектілерді орналастыру қарастырылған. Яғни, бұл халықты тұрғын үйлермен, аумақты инженерлік инфрақұрылыммен, абаттандырумен, көгалдандырумен, демалыс аймақтарымен қамтуды білдіреді.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

5 ақпан 2023, 14:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.