Атырау, 12 қазан 12:37
 дождьВ Атырау +21
$ 453.93
€ 508.72
₽ 5.35

Киік аулағандар ұсталды

2 076 рет қаралды

«Қыстақ» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде индерлік полицейлер Индербор кентіне кіреберіс жолда «УАЗ» көлігін тоқтатқан. Тінту барысында киіктің 4 мүйізін, оның бұтарланған етін және аңшы қаруын тапқан. 

48 және 50 жастағы екі күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы (Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

3 ақпан 2023, 15:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.